26.04.2022, 23:09
Жаңалықтар
Ұлттық статистика бюросы ең кедей облыстарды атады
Оның ішінде мұнайлы өлке - Маңғыстау да бар
фото: obzor.io
2021 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халықтың үлесі 2021 жылы 5,2% құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылы – 5,3% шамасында болған.
«2021 жылы өңірлер бөлінісінде кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан (9,8%), Маңғыстау (8,6%) Ақмола (6,4%) облыстарында, ең аз үлесі - Нұр-Сұлтан (2,2%) қаласында тіркелді», делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
Қала мен ауыл тұрғындары табысында да айырмашылық бар. Мәселен, қалалық жердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 3,8%, ал ауылдық жерде 7,2%.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 09:52
ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды