Ақтауда тергеу изоляторында сотталғандарға ауызашар берілді

Azattyq Rýhy

Мұнда 200-ден астам жазасын өтеушінің 110 ораза ұстапты

Ақтауда тергеу изоляторында сотталғандарға ауызашар берілді
фото: ҚАЖК

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 қауіпсіздігі аралас мекемесінде «Шарапатты Рамазан» шарасы аясында сотталғандарға ауызашар берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараны облыстық Бекет Ата мешіті және «Отпан» ақпараттық-түсіндіру орталығымен бірлесіп өткізді.

Қазіргі уақытта өңірдегі тергеу изоляторында 200-ден астам сотталған жазасын өтеуде, оның 110-ы мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жатыр.

«Ораза ұстаушылардың рационы пенитенциарлық жүйеде бекітілген мәзірден біршама ерекшеленетіндіктен, мекеме қызметкерлері сотталғандарға құрма, су, нан, салат және палау кіретін тамақ қоржындарын таратты», деп көрсетті Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.⠀

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.