Ерлан Қошанов AMANAT партиясының алдағы жұмысы туралы айтты
Ол партияластарын ел мен Президент аманатын бірге атқаруға шақырды

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы – AMANAT партиясының жаңа төрағасы Ерлан Қошанов партияның XXIII съезінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта үлкен сынақтар күтіп тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы осынау тарихи кезеңде партияның жетекшілігін маған сеніп тапсырғаныңыз үшін, жүктегеніңіз үшін өзіңізге және осы шешімді қолдаған партиялас әріптестеріме зор алғысымды білдіремін. Мен бұл шешімді үлкен сын, үлкен жауапкершілік және аманат деп түсінемін», - деді Ерлан Қошанов.
Партия төрағасы партияластарын ел мен Президент аманатын бірге атқаруға шақырды.
«AMANAT партиясы – Президентіміздің қоғамдық тірегі. AMANAT партиясы – реформалар партиясы және Жаңа Қазақстанның жасампаздығы. Құрметті партияластар, бізді үлкен сынақтар, үлкен науқандар күтіп тұр. Еліміз бен Президентіміздің бізге берген сенімін, аманатын бәріміз бірігіп абыроймен атқарайық», - деді Е. Қошанов.