$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда қоқиқаздар қырылып қалды

«Сам» мемлекеттік орман қорының инспекторлары оған ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін деп санайды

Маңғыстауда қоқиқаздар қырылып қалды
фото: mangystaumedia.kz

Маңғыстау облысының Сам құмында бес шақты қоқиқаз қырылып қалды. Құстардың құмға көміліп, өліп жатқанын мектеп оқушысы 18 сәуір күні ұялы телефонына түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда осы оқиға бойынша «Сам» мемлекеттік орман қорының инспекторлары жедел түрде шығып, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Соңғы уақытта Маңғыстау облысының аумағында ауа-райы шаңды дауыл, желді болып тұр. Жыл құстарының миграциясы Бейнеу ауданы аумағынан өтеді. Осындай қолайсыз ауа райында ішіндегі әлсіздері орта жолда қонып, әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмай, өліп қалуы мүмкін. Бұл аумақта су көздері жоқ", - деді Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өз хабарламасында.

 Сонымен қатар құстар табылған жағдайда, ветеринарлық дәрігерлер тарапынан тиісті сынамалар алу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

 Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басқармасының мәлімдеуінше, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Ақтөбе филиалының инспекторлары, Бейнеу аудандық ПБ-нің қызметкері Бейнеу ауданын аумағындағы Сам құмы және оған іргілес жатқан аумақтарды қарап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қоқиқаз