Қазір өңірде қазір киіктердің саны артып келеді
Шығыс Қазақстан облысында «Ақбөкен» табиғатты қорғау акциясына байланысты бекеттер қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.
Акция екі кезеңге жоспарланған. Біріншісі көктемде,15 сәуірден - 15 мамыр аралығында өтеді.
«Осы уақыт ішінде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерінің, шекара қызметінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері браконьерлермен күресіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізеді», – деп хабарлады облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы.
Инспекцияның мәлімдеуінше, өңірде қазір киіктердің саны артып келеді. Әсіресе Аягөз, Абай аудандарында киік көбейген.