26.04.2022, 00:00
Жаңалықтар
Жамбыл облысында дүкеннен 25 ұялы телефонды ұрлап кеткен азамат ұсталды
Келтірілген шығын көлемі 2 млн 700 000 теңге
фото: Жамбыл облыстық ПД
Жамбылдық полицейлер 25 дана ұялы телефонды ұрлаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облысы Шу ауданының полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, ұялы байланыс салонына ұры түскенін айтқан.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Шу қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Одан ұрланған телефондардың бір бөлігі тәркіленді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деп көрсетті облыстық полиция департаменті.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды