Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында "Бекіре-2022" балық қорғау акциясы өтіп жатыр
«Бекіре-2022» балық қорғау акциясының үш аптасында инспекторлар 15 тоннадан астам су маржанын заңсыз айналымнан алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, акцияның алғашқы үш аптасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 514 дерегін анықтады. Соның нәтижесінде 349 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Сонымен қатар 10 іс сот органдарына жолданды. Браконьерлік, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды заңсыз пайдалану фактілері бойынша 29 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 7,4 млн. теңге айыппұл салынды», делінген хабарламада.
Заңсыз айналымнан 15 тонна 246 кг балық алынды, оның ішінде 845 кг бекіре тұқымдас балық түрлері алынып тасталды. Сондай-ақ, 275 бірлік балық аулау құралдары мен 59 бірлік су көлігі анықталды. Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті сүзу жұмыстары нәтижесінде су айдындарынан жалпы ұзындығы 100 км-ге жуық 1015 бірлік заңсыз балық аулау құралдары алынды.