Ертіс өңірінде құндыздар көбейіп келеді

Azattyq Rýhy

Орманшылар көзге түскен құндыздарды арнайы журналға тіркеп қояды

Ертіс өңірінде құндыздар көбейіп келеді
фото: pavlodarnews.kz

Көктөбе орманшылары кеміргіштер тобына жататын аңдарды Май ауданында патрульдеу кезінде көрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жалпы бізде құндыздардың саны көп. Әсіресе соңғы кездері артып келе жатқаны байқалады. Жайылма төгіле бастағанда олар бірден жүзіп кетеді. Тіпті, 12-17  құндыз отбасымен жүреді, бірақ жақындаған кезде бірден су астында немесе жағадағы ініне жасырынады. Сондықтан телефонға түсіру өте қиын», - дейді Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.

Оның айтуынша, әрбір орманшы «Жайылымдағы жабайы аңдардың тізімі» журналын жүргізеді. Соған сәйкес аңдардың санын тіркеп отырады.

Айта кетерлігі, құндыз - ақылды жануар. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады. Тіршілігінің көбі суда өтетіндіктен дене пішіні соған бейімделген. Негізгі қаруы - төрт күрек тістері. Сол арқылы қоректік ағашты кеміріп құлатып, бөлшектеп тасиды. Терісі бағалы, еті дәмді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.