Жоспар бойынша шағын аудандарда 140 шақырым жол салынады
Алматы қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту Жоспарының жобасы қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоспар шеңберінде:
«Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін метрополитеннің 5,2 км ұзындығымен бірінші желісінің үшінші кезегін салу;
Саин көшесі мен Мөңке би (Ақын Сара) көшесінің қиылысында көлік жолайрығын салу;
қаланың 8 шағын ауданында ұзындығы 140,4 км жол салу жоспарланған (Шапағат, Боралдай, Теректі, Рахат-Мәдениет, Шұғыла, Ақжар, Маяк, Мәдениет шағын аудандары);
ұзындығы 39,7 км болатын 10 магистралды көшені тесу (тесіп ұзарту) жүзеге асырылады.