23.04.2022, 13:41
Жаңалықтар
Гвардейск әскери қалашығында сарбаз қайтыс болды
Қайғылы жағдайға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
фото: baribar.kz
Жамбыл облысында борышын өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2022 жылдың 22 сәуірінде Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер Қалбай Әлібек Саламатұлы қайтыс болды.
Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, ол есін жимаған күйі қайтыс болған.
Жас жігіт биыл көктемде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылды.
Сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды.
«Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы Қалбай Әлібек Саламатұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — делінген мәлімдемеде.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 13:07
Жамбыл облысында жер үй өртенді: өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды