Қызылордада телефондарды палауға жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды

Azattyq Rýhy

Сонымен қатар астың арасынан SIM-карта табылған

Қызылордада телефондарды палауға жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды
фото ҚАЖК баспасөз қызметінен

Қызылордада телефондарды палауға жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/1 мекемесінің сәлемдеме-сауқаттарды қабылдау бөлмесінде ыстық тағам арасына бірнеше ұялы телефон салып өткізбекші болған азамат ұсталды. А. есімді азамат Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесіндегі жазасын өтеуші, ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша айыпталушы 28 жастағы Б. есімді танысына сәлемдеме-сауқат алып келген», - деп көрсетті ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Тексеру барысында палаудың ішінен үш телефон, қуаттағыш және үш SIM-карта табылды.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.