$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда жыныстық зорлық көргендерден жауап алуға арналған арнайы кабинеттер ашылды

Онда медициналық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсетіледі

Павлодарда жыныстық зорлық көргендерден жауап алуға арналған арнайы кабинеттер ашылды
фото: kz.otyrar.kz

Павлодарда жыныстық зорлық-зомбылық көргендерге кешенді көмек көрсету бойынша пилоттық жоба басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар қалалық әйелдер мен балаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы базасында қылмыстық істерді тергеу кезінде қажетті процедураларды жүргізу үшін арнайы кабинеттер ашылды.

«Мұндай кабинеттерді ашу уақыт талабы. Өкінішке қарай, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстар орын алады. Кейде балалар қылмыстың куәсі болады, мұндай жағдайда кәмелетке толмағандардан жауап алу өте қиын. Сондықтан балалардың психикасына зиян келтірмеу үшін осындай шаралар қабылданды», деп көрсетті Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осылайша, зорлық-зомбылық көргендер полиция бөлімдеріне келмейді, яғни өзге адамдармен байланысқа түспейді.

«Зорлық-зомбылық құрбандарына бірыңғай медициналық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Орталық жағдайындағы жұмыс қылмыстың мән - жәйін дер кезінде анықтауға және ашуға, заттай айғақтар мен биоматериалдарды алуға, одан әрі сараптама тағайындауға септігін тигізеді», - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Серіктес жаңалықтары