$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда газ баллоны жарылған үйден ер адамның денесі табылды

Мәйіт медициналық сараптамаға жіберілді

Петропавлда газ баллоны жарылған үйден ер адамның денесі табылды
Фото ашық дереккөзден

Петропавлда тұрғын үй өртеніп, салдарынан газ баллоны жарылды. Мамандар оқиға орнынан 60 жастағы ер адамның мүрдесін тапты. Бұл туралы СҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 21 сәуір күні сағат 21.00 шамасында Петропавлдағы Косогор, 33 мекенжайындағы жер үйден шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келген кезде жалын бүкіл үйді жайлап алған. Мамандар келгенше газ баллоны жарылған. Өрттен баспана, монша жанып кетті, қасындағы көрші саяжай үйінің қабырғалары мен шатыры зақымданды. Ал жанған үйден 1962 жылғы ер адамның денесі табылды.

Мәйіт медициналық сараптамаға жіберілді, өрттің шығу себебі мен шығын мөлшері анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары