$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райы: еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауады

Кей аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады

Ауа райы: еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауады
twitter.com

Синоптиктер 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады және атмосфералық фронтальды бөліктер өз әсерін сақтайды, осыған байланысты – жаңбыр, елдің шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), солтүстігінде, солтүстік–батысында - жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, солтүстікте – көктайғақ, солтүстікте, батыста – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында. 

Атап айтқанда, түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман болып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз шығысында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қостнай облысының оңтүстігінде көктайғақ, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

 Ақтөбе облысының солтүстік жартысында жел 18 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың  батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.  

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында найзағай кезінде жел 17-22 м/с, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының тауларында дауыл соғып, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары