ШҚО-да жол апаты салдарынан көлікке қыстырылып қалған әйел құтқарылды

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды

ШҚО-да жол апаты салдарынан көлікке қыстырылып қалған әйел құтқарылды
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында көлігін басқара алмай қалған әйел жанармай құю станциясына соғылды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД  мәліметіне сүйенсек, Үржар ауданында құтқарушылар жол-көлік оқиғасына тап болған азаматқа көмек көрсетті. Үржар ауылына кіреберіс жолда «Mitsubishi Galant» автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, жанармай құю станциясының бағанына соғылған. Жол апаты салдарынан әйел адам ішінде қыстырылып қалған.

 «Оқиға орнына №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл жетті. Олар «Холматро» құрылғысы арқылы көліктің қысылған жерін ашып, жарақат алған адамды алып шықты. Қазіргі уақытта әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген ақпаратта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.