Өткен тәулікте 9 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 11 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 2
Алматы қаласы - 4
Шымкент қаласы - 1
Шығыс Қазақстан облысы - 1
Қарағанды облысы - 1
Павлодар облысы - 1
Түркістан облысы - 1.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 417 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 9 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Алматы қаласы - 4
Шығыс Қазақстан облысы - 1
Жамбыл облысы – 2
Павлодар облысы - 1.
Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 290 904 адамға жетті.