19.04.2022, 00:21
Жаңалықтар
Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар баланы көлік қағып кетті
Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде
Фото ашық дереккөзден
Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар баланы көлік қағып кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің аула аумағымен келе жатып, солға бұрылар сәтте самокатпен келе жатқан 2019 жылы туған баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.
«Биылғы жылдың басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, мерт болғандар жоқ», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды