Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Еліміздің бірқатар аймағында бұршақ жаууы мүмкін

Синоптиктер 19-21 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестер жылдам ауысуы мүмкін. Осылайша, ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар.
«Өткен түнде республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжуда: елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы біртіндеп төмендеп, түнде 3-5 градус, күндіз 5-15 градус жылиды. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.