Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы деректер бойынша коронавирусты 470 адам жұқтырған

Фото: ap.com

Қытайда 2019-nCoV коронавирусынан туындаған пневмониядан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі The Washington Post басылымына сілтеме жасап.

Бұл статистиканы Хубэй провинциясының денсаулық сақтау комитетінің басшысы жариялады. Оның мәліметінше, вирусты жұқтырғандар саны 470-ке, қаза тапқандар саны 17 адамға жеткен.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусқа байланысты халықаралық төтенше жағдай жариялауы мүмкін», - деп жазады басылым.

Айта кету керек, коронавирус алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында 31 желтоқсанда анықталды.