$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында 26 жастағы жігіт жоғалып кетті

Ол бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалғаны белгілі болды

Ақмола облысында 26 жастағы жігіт жоғалып кетті
фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 26 жастағы ұлының жоғалып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ер адам 14 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйден шығып кеткен. Өтініш беруші ұлының бұрын бірнеше рет үйден кеткенін, бірақ отбасында ешқандай жанжал болмағанын айтты. Хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жерін анықтау үшін Жарқайың полиция бөлімінің қызметкерлері мен еріктілерден 6 іздеу тобы құрылды. Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары Державинск қаласында, жақын маңдағы елді мекендерде, Есіл өзенінің жағалауы аумағында және басқа жерлерде жүргізілді», деп көрсетті облыстық полиция департаменті.

 Хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#адам жоғалу