1 790 қап контрафактілік тұрмыстық химия өнімі тәркіленді
Шымкентте танымал брендтердің кір жуғыш ұнтақтары қолдан жасалған деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде контрафакті өнімдерін дайындайтын астыртын цехтың жұмысы тоқтатылды.
The Procter & Gamble компаниясының Tide, Ariel және «Миф» маркалы тұрмыстық химия өнімдерінің сауда белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды.
Тінту кезінде 1 790 қап контрафактілік тұрмыстық химия заттары, контрафакті өнімдерін өлшейтін және дайындайтын құрылғылар табылып, тәркіленді.