$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында 5 адам екі елдің азаматтығымен жүрген

Ұсталғандар Қазақстан Республикасының азаматтығымен қоса Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған

Атырау облысында 5 адам екі елдің азаматтығымен жүрген
фото www.gov.kz сайтынан

Атырау облысында қос азаматтықпен жүрген 5 адам анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атырау облысының ПД Көші-қон қызметі басқармасы ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасы азаматтығының жеке басын куәландыратын құжаты бар және басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған 5 азаматты анықтады» - деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

​ Аталған азаматтардың барлығы да Қазақстан Республикасының азаматтығымен қоса Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496 бабының 2 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, 200 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары