Нұр-Сұлтанда сотталушының жұбайы сим-карталарды аяқ киімнің астына жасырып өткізбек болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аяқ киімнен 8 сим-карта табылған

фото: ҚАЖ баспасөз қызметінен

ЕЦ-166/5 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды алып өтудің алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерекше режимдегі колонияның сотталған адамына арналған сәлемдемені, атап айтқанда аяқ киімді тексеру кезінде, жапсырманың астынан скотчпен оралған сегіз сим карта табылды.

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материалдар жиналды. 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе ескерту беріледі», -дейді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166 /5 мекемесінің жедел-режим жұмысы жөніндегі мекеме бастығының орынбасары Арман Сыздықов.