Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады
Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне, яғни 16-18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Алдағы үш тәулікте атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың батыс бөлігіне ғана, жауын-шашынсыз ауа райы болатын солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Республика бойынша желдің күшеюі байқалады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Еліміздің батысында ауа температурасы күндіз 12-20 градус жылыданн 15-25 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыста түнде 0-12 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін төмендейді.
Солтүстікте түнде 5-12 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.
Оңтүстік-шығыста ауа температурасы 5 градусқа, республиканың орталығында 2-7 градусқа дейін көтеріледі.
Еліміздің шығысында түнде 2-3 градус аяздан 0-8 жылуға дейін көтеріледі. Күндіз температураның негізгі фоны – 15 гардус жылы, оңтүстікте күндіз 23-32 градус жылы, оңтүстік-шығыста күндіз 22-30 градустан аздап көтеріледі деген болжам бар.
Таулы аудандарда ауа температурасы 18 градустан 25-32 градусқа дейінгі аралықта, таулы аудандарда 20 градус жылы болуы ықтимал.