Қазақстанның үш өңірінде өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті үш өңір тұрғындарына ескерту жасады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның үш өңірінде өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 22 қаңтардан бастап 23-25 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстарындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өңір азаматтарынан аталған күндері барынша қырағылық танытуды, төтенше жағдай болған сәтте 112 құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

«Азаматтық қорғаныс бөлімшелері толық дайындыққа келтірілді. Өзендердің гидрологиялық ахуалына мониторинг күшейтілді», - делінген комитет ақпаратында.