15.04.2022, 09:02
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда станция өткелі уақытша жабылады
Аумақта өткел төсемін ауыстыру және өзге де жұмыстар жүргізіледі
Фото: gov.kz
16 сәуірден 17 сәуірге қараған түні Нұр-Сұлтан станциясының Малахов көшесінде ПК 7-нің 805-ші шақырымында орналасқан өткел жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұр-Сұлтан станциясындағы өткел арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс 16 сәуірде сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін өткел төсемін ауыстыру және өзге де жұмыстардың жүргізілуіне байланысты жабылады», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары қаланың осы бөлігіндегі қозғалысын алдын ала жоспарлауы қажет.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
