14.04.2022, 22:57
Жаңалықтар
Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі
Алматыда қазір 77 майдангер тұрады
фото ult.kz сайтынан
Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде Жеңіс мейрамы қарсаңында соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілетінін айтты.
«Өкінішке қарай ардагерлеріміздің қатары күн өткен сайын азайып бара жатыр. Қазір Алматыда небәрі 77 соғыс ардагері тұрады... Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек беру туралы шешім қабылданды», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Сонымен қатар ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 1 627 адамға 100 мың теңгеден берілетін болды. Ал 10 665 тыл еңбеккері 50 мың теңгеден алады.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)