$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда дипломдық жұмысты сатып алмақ болған студент алаяққа алданып қалды

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Көкшетауда дипломдық жұмысты сатып алмақ болған студент алаяққа алданып қалды
фото: www.elana.kz

Көкшетауда 22 жастағы студент дипломдық жұмысқа тапсырыс беремін деп ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жәбірленушінің айтуынша, жарнамалық сайттардың бірінде дипломдық жұмыстарды дайындау туралы хабарландыру көрген. Хабарлама авторына қоңырау шалып, ұсынылған шарттармен келісіп, алдын-ала төлем жасапты. Кейін тапсырыс алушы қалған соманы да талап еткен.

 «Студент 85 000 теңгені шотына аударған. Содан бастап азаматша байланысқа шығуын тоқтатқан.  Криминалдық полиция қызметкерлері жедел- іздестіру шарасы барысында Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның заңсыз әрекеттерінен тағы бір студент зардап шеккенін анықтады», дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары