Жемқорлыққа қарсы агенттіктің 6 өңірдегі департаментінің басшылары ауысты
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 6 өңірдегі департаментіне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен:
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Секешұлы Қарымсақов;
- Алматы қаласы бойынша департамент басшысы болып Асхат Оразханұлы Оразхан;
- Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы болып Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев;
- Атырау облысы бойынша департамент басшысы болып Досанов Ерлан Азаматұлы;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып Денис Владимирович Шакенов;
- Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы болып Болат Нұрғазыұлы Жылқыбаев;
- Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы болып Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.