Қазақстаннан 100 млрд долларға жуық қаржы заңсыз шығарылған – министр
Бүгінде ол қаржыны елге қайтарудың түрлі тетігі қарастырылып жатыр
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жыл ішінде елден 100 миллиард долларға жуық қаржы заңсыз шығарылған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бұл мәселеге қатысты нақты соманы айту қиын, дегенмен шамамен 100 млрд доллардан астам қаржы шығарылған», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ә. Қуантыровтың айтуынша, қазіргі кезеңде елден шығарылған қаржыны Қазақстанға қайтарудың түрлі тетігі қарастырылып жатыр. Оның ішінде салықтық және салықтық емес ынталандыру шаралары да бар.
«Біз қазір салықтық шаралармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұл мәселеге екі жақты тұрғыдан жұмыстар атқарып жатырмыз. Бір жағынан, қаржының бұдан кейін де шығып кетуіне жол бермеу керек. Мысалы, салық шараларының бірі – инвесторлар төлемеген дивидендтік жеңілдікті алып тастаймыз. Біз инвесторлар төлемеген дивидендтерді алып тастаймыз. Сәйкесінше олар бас компанияға ала алады немесе сол жерден кейбір қызметтерді сатып ала алады», - деді министр.
Оның айтуынша, қайтарымды ынталандыру шаралары, түрлі преференциялар да бар. Олар ҚР Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қарастырылған.