Жарлық Мемлекет басшысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыру, атқарушы биліктің қызметін заңнамалық тұрғыдан артық регламенттеуді болдырмау, құжат айналымы мен есептілікті қысқарту, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыру туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаулыға сәйкес, бюрократиядан арылтудың мынадай қағидаттары айқындалады:
1) мәннің нысаннан басымдығы – нәтижеге қол жеткізу бойынша жұмыс нысанынан нақты және өлшенетін нәтиженің басым болуы;
2) бастапқы бойынша цифрландыру – мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығы;
3) басқарушылық жауапкершілік – нақты басшының құзыреті аясына кіретін шешімдерді қабылдау мен мәселелерді келісуді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға беруге жол берілмейтіні;
4) үздіксіз жетілдіру – мемлекеттік аппараттың бюрократияны қысқартуға, жүйелі реинжинирингке және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруға ынталандыратын ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру және қолдау;
5) регламенттеудің оңтайлылығы – мемлекеттік органдардың қызметтерін регламенттеудің оңтайлы қажетті деңгейін белгілеу, жеткілікті түрде негізделмеген жаңа бюрократиялық талаптарды, есептілік пен бақылау түрлерін енгізуге жол бермеу.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі өзекті сын-қатерлерге,
форс-мажорлық мән-жайларға және дағдарыстық жағдайларға жедел ден қою үшін құзыреттерін, функциялары мен өкілеттіктерін заңнамалық деңгейде артық (шамадан тыс) нақтыламай, жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығын мемлекеттік органдарға беруді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде мемлекеттік тіркеусіз қабылдаудың ерекше тәртібін енгізуді қамтамасыз етілмек.
Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 1 желтоқсанға дейін Президент жанындағы Қазақстан Республикасындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі шеңберінде мерзімдер мен кезеңдерді екі есеге жалпы қысқартып, бюджет және норма түзушілік процестерінің кешенді реинжинирингін қамтамасыз етіледі...
Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.