$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Уәлиді қабылдады

Оған «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды

Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Уәлиді қабылдады

Қазақстан Президенті «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды.

Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты.

Сонымен қатар Президентке Агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары