Ол бұл қызметке 2022 жылдың 1 ақпанында тағайындалған болатын
«Жасыл даму» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Жанат Самат қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылғы 1 ақпанда тағайындалған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпаратты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады.
«Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жанат Самат «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті. Ол бұл қызметке осы жылдың 1 ақпанында тағайындалған болатын», – деді О. Беркінбаев.
Еске сала кетсек, «Жасыл Даму» АҚ Қазақстандағы қалдықтарды жинау бойынша жаңа оператор ретінде жұмыс істеп жатыр.