Australian Open: Елена Рыбакина III айналымда әлемнің бірінші ракеткасына қарсы ойнайды

Автор: Azattyq Rýhy

Еленаның үшінші айналымдағы қарсыласы – әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Барти

Фото: informburo.kz

Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open-2020 турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина екінші айналымда да жеңіске жетіп, бельгиялық Грит Минненнен (6-3, 6-4) басым түсті. Грит Миннен дәл қазіргі уақытта WTA рейтингінде 119 орында. Ал, Рыбакина әлемдік рейтингте 26 орында.

Рыбакинаның келесі қарсыласы - әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Барти. Аустралиялық теннисші 2018 жылы мәртебелі US Open турнирін жеңіп алған. Сондай-ақ Australian Open (2013 ж.), Roland Garros (2017 ж.) және Wimbledon (2013 ж.) турнирлерінің финалына шыққан. Сарапшылар Эшли Бартиді осы турнирдегі басты фаворит спортшы деп есептейді.

Рыбакина мен Барти арасындағы кездесу 24 қаңтарда өтеді.

Елена Рыбакина Мельбурнде өтіп жатқан жарысты өте сәтті бастады. Бірінші айналымда WTA рейтингінде 65 орында тұрған америкалық теннисші Бернарда Пераны 6-3, 6-2 есебімен жеңді.

Естеріңізге салайық, Михаил Кукушкин мен Александр Бублик бірінші айналымда жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Ал, Зарина Дияс пен Юлия Путинцева бірінші айналымда жеңіске жетіп, ертең екінші айналымдағы матчтарын өткізеді.