$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Лисаковта әкімдіктің бөлім басшысы қыз зорлады деген күдікке ілінді

Күдікті Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімін басқарған

Лисаковта әкімдіктің бөлім басшысы қыз зорлады деген күдікке ілінді
фото mail.kz сайтынан

Қостанай облысының Лисаков қаласында кәмелетке толмаған қыздың анасының шағымы негізінде әкімдіктің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құқыққорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Лисаков қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысына қатысты жазба қалдырған. Сонымен қатар ол Қазақстан Президентінен бұл істі бақылауға алуын сұраған.

«ҚР ҚК 120 бабы 3-1 бөлімі 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп көрсетті қалалық полиция департаменті.

Күдікті желідегі парақшасында жасы мен отбасына қатысты жалған мәлімет көрсеткен.

Полиция аталған азаматтан зардап шеккендер болса құқыққорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Лисаков қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Нарына Кимнің айтуынша күдікті өз өтінішімен жұмыстан босатылған.

Серіктес жаңалықтары