$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасына 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан – олардың басшылары кім

Бас прокуратура «Дикий Арманнан» басқа, қылмыс әлемінің тағы бірнеше серкесін атады 

 
Қаңтар оқиғасына 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан – олардың басшылары кім
Фото: egemen.kz

Қаралы қаңтар оқиғасы кезінде 12 ұйымдасқан қылмыстық топ елді арандатып, дүрбелең салған. Бұл туралы бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен мәлімдемесі кезінде Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ол сондай-ақ, Дикий Арманнан басқа, осы топтарды тағы қандай қылмыс әлемінің серкелері басқарғанын мәлім етті. 

«Осы 12 ұйымның ішінде ең белсенді «жұмыс істегені» «Дикий Арман» атты лақап аты бар Арман Жұмагелдиевтің тобы, сондай-ақ «Қазақстандықтар» және «Айшуақ Жантүгел» лақап аты бар қылмыс әлемінің серкелері басқарған топтар болды. Олар қатысқан қылмыстық істерді тергеп, тиісті адамдарды жазалау үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді Қилымжанов.

Серіктес жаңалықтары