Тамара Дүйсенова бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды

Azattyq Rýhy
Тамара Дүйсенова бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды
Фото: inform.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Тамара Дүйсенова тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын.

Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 сәуір
№ 869», - делінген Ақорда хабарламасында.

Тамара Дүйсенова Түркістан облысында туған. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы – инженер – экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

  • Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.
  • 1988 - 1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді;
  • 1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі;
  • 1993-1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы;
  • 1994-1997 жылдары - Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары;
  • 1997-1999 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;
  • 1999-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице - министрі;
  • 2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013);
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013-2014);
  • ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017);
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2017-2018);
  • «Nur Otan» париясының хатшысы (2018-2019).
  • 2020 жылдың мамырынан бүгінге дейін Қазақстан Президентінің көмекшісі.
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.