Сауд Арабиясы 1 млн шетел азаматына қажылық жасауға рұқсат берді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан қажыларына қанша орын бөлетіні әзірге белгісіз

фото ашық дереккөзден

Сауд Арабиясы Корольдігі биыл миллион адамға дейін қажылық рәсімін орындауға рұқсат берді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен жылы Корольдік аумағындағы 60 мың адамға, ал бұдан екі жыл бұрын 1000 адамға ғана қажылық орындауға рұқсат берген болатын.

Жасы 65 тен аспаған, COVID-19 екпесін алған азаматтарға қажылық орындауға рұқсат беріледі. Шетелдік қажыларға Корольдікке кірместен 72 сағат бұрын алынған COVID-19 вирусының теріс сынама нәтижесін көрсету талап етіледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы біздің елдің қажыларына қанша орын бөлетіні әзірге белгісіз екенін айтты.

Айта кетейік, биылғы қажылық рәсімі 7-12 шілде аралығында өтеді.

Тегтер: