Колонияға тыйым салынған заттары бар пакетті лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Azattyq Rýhy

Ер адамнан белгісіз таблеткалар мен алкогольді исі бар тоғыз оралған зат салынған пакет тәркіленген

Колонияға тыйым салынған заттары бар пакетті лақтырмақ болған ер адам ұсталды
polisia.kz

ШҚО колониясына тыйым салынған заттар салынған пакетті лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Шығыс Қазақстан облысының колониясына өткізілмек болған 10 телефон, 10 қуаттағыш, бес жұп құлаққап, 70-ке жуық таблетка мен өзіне тән иісі бар бөтелкелерге құйылған сұйықтық анықталды. Қызметкерлер ер адамды ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/3 мекемесінің негізгі қоршауының жанында тыйым салынған заттарды лақтырып жатқан кезде ұстады.

«Ұсталған азаматтың қолында тыйым салынған заттар, яғни телефондар, аксессуарлар, белгісіз таблеткалар мен алкогольді исі бар тоғыз оралған зат салынған пакет тәркіленген», – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.