Наразылық білдіріп жатқандар - West Recycling Company қызметкерлері
Ақтаудың коммуналдық компания қызметкерлері жалақаны көтеруді талап етіп, жолды жауып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының әкімдігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Әкімдіктің хабарлауынша, наразылық білдіріп жатқандар - West Recycling Company қызметкерлері, олар Ақтау қаласының тазалығына жауапты.
"Қызметкерлер жалақыны көтеруді талап етіп келді. Облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Содан кейін олар жиналысқа шақырылды. Қазіргі уақытта жол ашық. Олардың барлығы жиналыста, облыс әкімінің орынбасыр да сонда", - деп хабарлады әкімдіктегілер.