$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда барак түріндегі үйден өрт шығып, ер адам қаза болды

Ер адам жұмыс істемеген, алкогольді асыра пайдаланған

Көкшетауда барак түріндегі үйден өрт шығып, ер адам қаза болды

Қайғылы оқиға өткен түнде 7 сәуірде Көкшетау қаласы барак түріндегі үйдің пәтерінде болған. Шақырту орнына келген өрт сөндіру бөлімі 20 минут ішінде өртті сөндірді, жанып жатқан үйден 1973 жылы туған пәтер иесінің мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көршілердің айтуынша, ер адам жұмыс істемеген, алкогольді асыра пайдаланған, асоциалды өмір салтын ұстанушы ретінде тіркелген. Пеш бөлшектеніп тұрғандықтан ер адам үйінің ішінде от жаққан болатын, сондай-ақ, пәтер электр қуатынан ажыратылған, үйдегі бөлмелер әртүрлі тұрмыстық қоқыстармен бітелген, жиһаз бен интерьер жоқ.

«Оқиға орнында Көкшетау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Өрттің себебін анықтау мақсатында Ақмола облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ зерттеу өрт зертханасы тағайындалды, қайтыс болған адамның денесі өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары