$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Су тасқыны кезінде оқушы қызды құтқарып қалған ақтөбеліктер марапатталды

Ержүрек тұрғындарға министрдің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлық табысталды

Су тасқыны кезінде оқушы қызды құтқарып қалған ақтөбеліктер марапатталды
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласындағы су тасқыны кезінде оқушы қызды құтқарып қалған тұрғындар марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Energy gym фитнес клубының жаттықтырушылары Евгений Зелевский, Альберт Дедусев, Юрий Лысенко, Алексей Ступенко және «Арман» ТҮК күзетшісі Ерболат Көлжігітов Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің Алғыс хатымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: «Киімі арматураға ілініп қалды»: Ақтөбеде суға батып кете жаздаған оқушы қыздың қалай құтқарылғаны айтылды

Еске салсақ, 31 наурызда Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағынауданында жолдан өтіп бара жатқан қыз бала тасқын суға түсіп кетіп, өлім аузынан қалған болатын.  

Серіктес жаңалықтары