$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда кәсіпкер алма бағын отап тастады

Тексеруге барған кезде 21 алма ағашының кесілгені расталды

Алматыда кәсіпкер алма бағын отап тастады
Бейнеден кадр

Алматыда кәсіпкер алма ағаштарын рұқсатсыз кесіп тастаған. Медеу ауданының аумағына қарасты  Обсерватория көшесіндегі алма бағын отап тастаған қаскөйлер енді сотқа тартылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының қызметкерлері Медеу аудандық полиция басқармасымен, сондай-ақ мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жедел түрде оқиға орнына барды. 

Тексеру барысында 21 алма ағашының кесілгені расталды.

«Осыған байланысты тексеру актісі жасалып, 500 АЕК шығын есептеліп, тиісті шаралар қабылдау үшін Полиция департаментіне хат жолданды. Медеу аудандық анықтау бөлімі ҚР ҚК 340-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қозғалған іс бойынша кінәсін толық мойындаған кезде жасыл екпелерді қорғау қағидалары бойынша осындай бұзушылық үшін жалпы пайдаланылатын жерлерде 1050 ағаш көлемінде өтемдік отырғызу көзделген», - деді Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары