07.04.2022, 22:54
Жаңалықтар
Түркия азаматының 2,5 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген ақтаулық қолға түсті
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда
Фото ашық дереккөзден
Түркия азаматының 2,5 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген ақтаулық қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың 20 қарашасы күні Ақтау қаласының полициясына 26 жастағы Түркия республикасының азаматы жүгінді. Оның айтуынша, миграциялық құжаттарды рәсімдеп беремін деп белгісіз адам алдау жолымен оның 2,5 млн теңге ақшасын иемденіп алған. Аталған дерек бойынша Ақтау қаласы ПБ ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, бұл қылмысты жасады деген күдікпен полиция қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта күдікті өз әрекетін толықтай мойындады, тергеу амалдары жалғасуда.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат