07.04.2022, 13:42
Жаңалықтар
ІІМ: Ресейдің 10 мың азаматы қазақстандық ЖСН алды
24 ақпаннан бері 108 мың ресейлік Қазақстанға келді
Соңғы үш айда Ресей азаматтары үшін 10 мыңнан астам жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жасалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылдың 24 ақпаны мен 2 сәуірі аралығында Қазақстанға 108 мыңнан астам ресейлік келді, сол сияқты 100 мыңға жуық адам елден кетті.
Министрліктің хабарлауынша РФ азаматтары мемлекеттік шекараны кесіп өткеннен кейін Қазақстанда 90 күн бола алады.
Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері Қазақстанға 6,3 мыңнан астам ресейлік келгенін хабарлаған болатын. Дегенмен көрші елден азаматтардың ағылуы байқалмайды. Өткен жылы ҚР-ға 18,8 мың РФ азаматы келген болатын.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды