$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семей қаласында 1 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр

Жұмыссыздардың басым көпшілігі - жастар

Семей қаласында 1 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр
Фото ашық дереккөзден

Семей қаласы бойынша  жұмыссыздар тізімінде тұрған адам саны 1 мыңнан асады. Бұл туралы жаһандық пандемия басталғалы бері алғаш рет өткен «Бос орындар» жәрмеңкесінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары екі қолға бір күрек іздеп жүргендердің басым көпшілігі жастар екенін айтады. Олар негізінен мемлекеттен грант алып, кәсіп ашуға ниетті. Жәрмеңкеге 30-дан астам кәсіпорын-мекеме өкілі қатысып, 400-дей қызмет түрі бойынша бос орын барын айтқан. Айта кету керек, Семейде техникалық мамандықтар бойынша айлық жалақы 280 мыңға дейін барады. Десек те бұл жолы бар-жоғы 15 адам түйіндемесін тапсырған.

«Жұмысшы мамандығының жалақысы жоғары, 250-260 мыңға дейін барады. Бірақ жастар ондай жұмыс істегісі келмейді, олар көбінесе идеялары көп болғандықтан, грант алғысы келеді. Былтыр 500 мыңнан астам болса,  бүгінгі күнде миллионнан астам грант беріліп жатыр, жастар соған өтінім жазып, тіркеліп жатыр», - деді қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлмира Бақтажарова.

Серіктес жаңалықтары