Алматыда 60-тан астам есірткі жарнамасы жойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Трафареттік жарнама науқанына 20 адам қатысты

polisia.kz

Алматыда 60-тан астам есірткі жарнамасы жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы трафареттік жарнама науқаны қаланың орталық бөлігінде өтті.

«Еріктілердің, белсенді жастар арасындағы тұрақты серіктестеріміздің, Алмалы аудандық полиция бөлімі мен басқармасындағы әріптестердің көмегімен есірткіні қалай сатып алуға болатыны туралы ақпараттан тұратын 60-тан астам жазу жойылды. Атап айтқанда, олар тұрғын үйлердің, гараждардың, кеңсе ғимараттарының қабырғаларында есірткінің таралуын насихаттайтын трафареттер мен граффитиді жарнамалайтын сайттарды бояған. Науқанға барлығы 20 адам қатысты», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғанов.