Ол Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне қаражат аударумен айналысқан
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстық топтың белсенді мүшесін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылғы 15 қаңтарда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті ҰҚК «А» АрнМақ күштерін тарта отырып, ҚР ҚК 266-бабы («ТҚҚ әрекетін қаржыландыру») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық топтың белсенді мүшесі «С» деген Әзербайжан Республикасының азаматын ұстады.
Ол Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне қаражат аударумен айналысқан.
Қаржыландыру жергілікті кәсіпкерлерден қорқытып алу жолымен алынған қаражаттан жүзеге асырылған. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласы ПД тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.