06.04.2022, 15:48
Жаңалықтар
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артады
Бұл туралы Мәжілісте вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көлемі өседі. Елімізде әлеуметтік төлемдерді 4,2 миллион қазақстандық алады. Бұл туралы Мәжілісте вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Вице-премьердің айтуынша, инфляция дәлізінің 8-ден 10%-ға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін тағы 4%-ға индекстеу жоспарланып отыр.
«Бұл 2021 жылмен салыстырғанда барлық әлеуметтік төлемдердің 9%-ға өсуін және зейнетақының 11%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Бұл әлеуметтік төлем алатын 4,2 миллион адамға қатысты», - деді Ералы Тоғжанов.
Айта кетсек, аталған мақсаттарға жобада қосымша 111 млрд теңге қарастырылған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды