06.04.2022, 16:12
Жаңалықтар
Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский қайтыс болды
Бұл туралы Ресей мемлекеттік Думасының спикері Вячеслав Володин хабарлады
Фото: ТАСС
Ресейлік саясаткер, ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский сәрсенбі күні ұзаққа созылған дерттен көз жұмды. Бұл туралы палатаның жалпы отырысында Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володин мәлімдеді.
«Владимир Вольфович Жириновский ауыр және ұзаққа созылған дерттен қайтыс болды», - деді Володин.
Депутаттар саясаткерді бір минут үнсіздікпен еске алып, отырыста үзіліс жариялады.
Владимир Жириновский 1946 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол ұзақ аурудан кейін 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды